Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды

258

Астана төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды.

Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасынан алғаш болып грек-рим шебері Мерей Мәулитқанов бозкілемге шықты. Ол 77 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Кан Хенджинмен (Оңтүстік Корея) кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз айқын басымдық танытып, 9:0 есебімен белдесуді өз пайдасына шешті.

Сондай-ақ бүгін, 24 қазанда Исхар Курбаев (55 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) және Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) ел намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу