Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнирде отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды

408

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өткен Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнирде отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды Фото: mikhail_shaidorov

Ол қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекорд орната алды.

Еркін бағдарламаны орындағаны үшін Шайдоров төрешілерден 166,83 ұпай алды. Барлығы 262,33 ұпай жинады.

Екінші орын әзірбайжандық Владимир Литвинцевке бұйырды – 246,00. Ника Эгадзе (Грузия) қола жүлдені жеңіп алды – 242,43.

Айта кетейік, 3-5 қазан аралығында мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge 2024" V халықаралық турнирі өтті. Оған 31 елден 120-дан астам спортшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу