Елордада пәтер сатуға арналған "қара жұма" өтпей қалды

6470

Бұқаралық ақпарат құралдарының  Астана қаласы прокуратурасы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізуге тыйым салды деп таратқан ақпараты шындыққа жанаспады.

Елордада пәтер сатуға арналған  "қара жұма" өтпей қалды

Бұл туралы abctv.kz-ке бақылау органы хабарлады. Алайда жылжымайтын мүліктің үлкен сатылымына қатысушылар, оның ішінде құрылыс салушылар мен банктер, жалған  жарияланым жарық көргеннен кейін, ұйымдастырушылармен келісімшартты бұзған. Ақырында елордада пәтер сатуға арналған  "қара жұма" өтпей қалған.  

9-10 желтоқсан күндері жылжымайтын мүлікті 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сату көзделген болатын.  Жәрмеңкенің ықтимал келушілеріне баспана мәселесін шешіп беруге уәде етілген еді. Бұл жәрмеңкеге қаланың алдыңғы қатарлы құрылыс салушылары мен тиімді ипотека беретін банктер қатысады деп хабарланған болатын. Жұршылықтың назарына жаңа салынып жатқан құрылыстағы пәтерлерді  және қайталама тұрғын үйлерді жеңілдетілген  бағамен ұсыну алдын ала жосапарланған.  

"Black Friday Real Estate – Астанада өтеді деп жоспарланған жәрмеңке-көрме. Мұнда қазақстандық жылжымайтын мүлік  нарығының құрылыс, ипотекалық несие беру және риелторлық қызмет көрсету саласындағы көшбасшылар болады делінді. "Қара жұма" - баспанаға қатысты барлық  мәселені  шешудің ең тиімді тәсілі!", - деп іс шара Facebook желісінде жарнамаланған болатын.

Адамдарды қызықтырған хабарландыру Астана қаласының прокуратурасын да қызықтырды. Жәрмеңкеге үлестік нысандардың қатысуы туралы факт ведомствода үлкен сұрақ туғызды. Бақылау органы шараны ұйымдастырушы -80/20 The New Media маркетингтік агенттік директоры Шоқан Айдарды кездесуге шақырды. Кездесуде оған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу" туралы заңды түсіндіру түріндегі прокурорлық жауап актісі берілді. Прокуратура шараға  тек адал құрылыс салушы компаниялар қатысуы керек екенін ескертті.

Жалпы баспананы  сату үшін құрылыс салушыларда Астана қаласы әкімдігінің  немесе "Тұрғын үй құрылысына  кепілдік беру қоры" АҚ-ның кепілі болуға тиіс. Осыған орай келісімшарт жасау тек үлестік қатысу түріндегі келісімшарт болу керек. Басқа құжаттардың бекітілмеген үлгісі заң бойынша жарамсыз болып табылады. Сондай-ақ жәрмеңкені ұйымдастырушыларға үлескерлердің ақшасын тартуға құқы бар 22 құрылыс салушының тізімі берілген. 

Астана қаласы прокуратурасы салынып жатқан нысандардан пәтер алу барысында құрылыс салушыдан тек үлестік қатысу келісімшартын жасауды талап ету керектігін "қара жұмаға" қатыспақшы болған азаматтарға түсіндіруге тырысты. Прокуратураның хабарлауынша, бұл туралы баспасөз баяны БАҚ-та таратылған. Қалалық прокуратура ақпараттың бұрмалануына баспасөзді кінәлап отыр.  

"Астанада жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізуге ешқандай тыйым салынған жоқ. Біз тек ұйымдастырушылармен  қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау үшін түсіндіру жұмысын жүргіздік. Яғни жәрмеңкеге азаматтардын салынып жатқан құрылыс үшін ақша алуға құқы бар компанияларды тарту керектігін түсіндірдік.  Ұйымдастырушы әкімдіктегі тізімге сәйкес процессуалдық байланыс жасау керек. Жаңа проблемалық үлестік нысан пайда болмас үшін ұйымдастырушымен жұмыс жүргіздік. Ол туралы баспасөз баянында жаздық, бірақ та кейбір БАҚ басқаша жазған", ­–деді Астана қаласы прокурорының көмекшісі Темірлан Әділханов, ақпаратты дұрыс таратпағаны үшін баспасөзді кінәлады.

"Сайттарда жәрмеңкені өткізуге тыйым салынды деген ақпарат шыққаннан кейін ірі компаниялар жәрмеңкеге қатысудан бас тартты. Өйткені олар ақпаратқа сенбеді. Бірақ жәрмеңкені өткізбеуге ресми түрде тыйым салынған жоқ. Біз Астана қаласы прокуратурасы мен МСҚБ-дан белгілі бір шарт бойынша жұмыс істеу керектігі туралы ескерту алдық. Есіл ауданының прокуратурасынан жәрмеңкені адал құрылыс салушылар тізіміне кірген құрылыс салушылармен өткізуге рұқсат алдық. Сол бойынша жұмыс істедік. Ақпараттық шабуылдан кейін, ірі компаниялар келісімшартты бұзып жатыр. Өйткен олар өздерінің имиджін құртқысы келмейді", – деп 80/20 The New Media марткетингтік агенттігінің директоры Шоқан Айдар abctv.kz-ке жағдайды түсіндірді.

Ұйымдастырушылардың атына ғана нұсқан келіп қана қоймай, сонымен қатар олар қаржылық шығынға да батқан. Компания беделін қайтарып алу үшін сотқа арыз түсірмекші. Егер жағдай осылайша өрбитін болса, онда жауап берушілердің бірі елорда әкімдігінің қарауындағы БАҚ болуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда прокуратура кімнің мүддесін қорғайтынын уақыт көрсетеді.  

Гүлназ Ермағанбетова, Динара Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу