Еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Қартбай Астанадағы Wrestling Stars турнирінде топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, әлемдік күрес жұлдыздары бас қосатын дәстүрлі Wrestling Stars турнирі Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.
Додаға екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Франк Чамисо және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, албаниялық Черман Валиев, әзербайжандық Аганазар Новрузов, өзбекстандық Мирзо Хайтов, қырғызстандық Сманбеков Алмаз сынды шетелдік танымал балуандар келді.
Сондай-ақ, еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков, екі дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов және еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Қартбай әлемдік турнирде бақ сынап жатыр.