Бір қызығы, командалардың соңғы кездесулерінен бері үш күн ғана өтті. Екатеринбургте өткен кездесуде "Барыс" екі гол басымдығымен екі рет алға шыққанымен, айдын иелері жеңіске жетті (қосымша уақытта 4:3). Кездесудің басты қаһарманы Ник Эберт болды. Ол қосымша бес минутта дубль жасап, шешуші голды соқты.
"Автомобилист" Шығыс конференциясының аралық көшбасшысы позициясын сақтап қалды. Бес матч қатарынан гол соққан Стефан Да Коста (12+27) өзінің серіктесі Брукс Мачекті (24+14) Лиганың үздік бомбардирлері тізімінде екінші орынға жылжытты. Жарақат алғандардың тізімінде әлі шабуылшылар Анатолий Голышев, Патрис Кормье және Алексей Макеев бар.
"Автомобилисттен" жеңілген "Барыстың" Челябинскіге сапары сәтті аяқталды. Қазақстандық команда "Тракторды" (4:1) сенімді түрде жеңіп, жеңілістер сериясына нүкте қойғандай болды. Гол авторлары Михаил Рахманов (маусымдағы алғашқы гол), Әділ Бекетаев, Алекс Грант ("Барыс" жейдесінде бірінші гол) және Никита Михайлис. Юлиус Гудачек қақпаға бағытталған 26 соққы қайтарды. Андрей Скабелка өз командасының ойынды жақсы көңіл-күймен бастағанын атап өтті. Осыдан кейін 2-желтоқсандағы матчқа қазақстандық команданың бапкерлері жеңісті құрамды өзгерткен жоқ. Ойынның алғашқы бөлігі нәтижелі соққысыз өтті.
Екінші кезеңде де екі команданың тартысы тоқтаған жоқ, соққы жасауға мүмкіндік тапқан Павел Куликов Гудачек қорғаған қақпаның жақын тоғыздығын дәл көздеді. Матчтың аяқталуына санаулы минут қалғанда Брукс Мэйсек көзге түсіп, ккздесудің нүктесін қойды. Ол ҚХЛ үздік сұрмергені Кертис Волктың шайбаны ойынға қосу сәтін пайдаланып кетті. Осылайша, "Барыс" "Автомобилисттен" осы маусымда үшінші рет жеңілді.
4 желтоқсан күні Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында "Салават Юлаевты" қабылдайды.
"Барыс" – "Автомобилист" 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)
0:1 – 34:53 – Куликов
0:2 – 56:18 – Мэйсек (Волк)
Қақпашылар: Гудачек – Маттссон