Гейт жарыстың соңғы шақырымдарында шағын топпен шабуылға шығып, белсенді өнер көрсетті. Соңғы шақырымда шабуыл жасап, тағы бір шабандозбен бірге аз ғана басымдыққа ие болды. Екі шабандоз арасындағы спринтте Гейт мықтырақ болып, XDS Astana Team командасына биылғы "Хайнань туры" жарысындағы екінші кезеңдегі жеңісін сыйлады.
"Бүгін бүкіл команда үшін өте сәтті жарыс болды. Әркім өз үлесін қосты. Бізде нақты жоспар жасалды. Бірнеше шабуылдар болды. Оған мен де, Хенок Мулубырхан да қатысты. Ақырында, Нико Винокуров мен Густав Ванг жақсы бір топқа түсті. Өкінішке қарай, Нико құлап қалды. Брақ, біз көшбасшы топты қуып жеткенде, ол қайтадан біздің топқа қосылды. Финалға қарай бірнеше шабуылдарға тойтарыс беруге тура келді, белсенді болдым. Сосын, Нико мен Густав тағы да пелотонның алдына шығып, соңғы 15–20 шақырымда жұмыс істей бастады. Бес шабандоздың қашуға бел байлаған сәтін байқап қалдым. Ешкім жауап қатпады. Соңғы шақырымда сабыр сақтап, ұтымды сәтті күтіп, спринтті жүріп өту керек болды және мен жеңіске қол жеткіздім. Бүкіл команда аянбай еңбек еткен соң, бұл күнді жеңіспен аяқтағанымыз өте керемет болды. Ертең тағы бір тартысты күн болмақ. Маттео Малучелли жеңіс үшін таласады деп үміттенемін", – деді Аарон Гейт.
Төртінші кезең қорытындысы бойынша Аарон Гейт жалпы есепте үшінші орынға көтерілді.