Үндістан астанасы Нью-Делиде пара қол күрестен әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеге 25 елден 500-ден астам спортшы қатысып, әлемдік додада бақ сынады.
Жекелей нәтижелерге тоқталсақ, Бекзат Бүркітов сол қолмен күрестен қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал оң қолмен күресте күміс жүлдегер атанды.
Есенгелді Мақенай да оң қолмен күрестен топ жарып, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Никита Ермаков сол қолмен күрестен күміс медаль еншілесе, Арыслан Әбдеханов екі қолмен де өнер көрсетіп, қос күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрлан Балтабай оң қолмен күрестен қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Астана спортшылары әлем чемпионатын жеті жүлдемен қорытындылап, ел қоржынына қомақты үлес қосты.