Елордалық спортшылар көркем жүзуден Әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды

382

Байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты. 

Елордалық спортшылар көркем жүзуден Әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Калмурзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.

Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу