Дүбірлі додада 8 мемлекеттен келген 36-дан астам спортшы бақ сынасты.
Аталған чемпионатта ел намысын қорғаған астаналық спортшылар "ката" бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 5 медаль салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.
"Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр елден келген қарсыластар мықты дайындықпен келген. Бірақ біз де соңғы бірнеше ай бойы осы додаға тыңғылықты жаттықтық. Бұл жеңіс – бапкерлер еңбегінің және ұжымдық қолдаудың нәтижесі. Бұл медаль – елім үшін!" – деді Азия чемпионатының алтын жүлдегері Ләззат Жүсіпова.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
- 1-орын – Ләззат Жүсіпова;
- 2-орын – Нұржайна Жаннетова;
- 3-орын – Дидар Мұхамеджанов;
- 3-орын – Әзиза Ибрайымова;
- 3-орын – Ерлан Нұрмағамбетов.