Давиде Баллерини (28 жаста) Astana Qazaqstan Team командасымен бір жылдық келісімге қол қойды. Баллерини 2019 жылы Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен. Енді 2024 жылғы маусымда командаға қайта оралады.
"Мен Astana Qazaqstan Team командасына қайта оралғаныма өте қуаныштымын және біз бірге маңызды нәтижеге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін деп айта аламын. Команданы жақсы білемін. Бұл адамдар жұмыс істеуді, жақсы атмосфера құруды және барлық қажетті компоненттерді біріктіре білетін қуатты команда. Мен команда жеңіске жету жолын білетінін білемін. Келесі маусымда бәрі жақсы болады деп үміттенемін және мен үшін де, команда үшін де бәрі дұрыс бағытта болатынына сенімдімін. Команда сапына ауысуым мені жаңа мақсаттарға жетелейді, жігерлендіреді. Жалпы, мен солтүстік классикалық, атап айтқанда, Париж-Рубеге басты назар аударғым келеді", - деді Давиде Баллерине.
Давиде Баллерини – солтүстік классикалық жарыстардың танымал маманы. Алдыңғы маусымдарда Давиде Польша турында бір кезеңде үздік нәтиже көрсетті. 2020 жылы "Брюссель классикасында" екінші орын иеленді. "Омлууп Хет Ньюзблад" және 2021 жылы "Прованс турының" екі кезеңін жеңіп алды, "Бернокки кубогын", 2022 жылы "Валония турының" кезеңінде жеңіске жетті.
Биылғы маусымда Баллерине "Омлууп Хет Ньюзблад" жарысында алтыншы, "Дварс доор Влаандеренде" жетінші нәтиже көрсетті. Ал "Валлония турында" екінші орынға ие болды.
"Біз Давидені нағыз кәсіпқой, классикалық жарыстардағы мықты әрі команда үшін барын салатын шабандоз ретінде жақсы білеміз. 2019 жылғы маусымды бірге жақсы өткіздік. Енді мен оның біздің командаға бұрынғыдан да мықтырақ, одан да тәжірибелі және ынталы болып оралғанына қуаныштымын. Давидені солтүстік классикасында команда көшбасшыларының бірі, сондай-ақ Гранд Турларда команда шабандозы және кезең жеңімпазына үміткер ретінде көргіміз келеді. Баллериниді Астананың бір бөлігі ретінде көруді асыға күтемін және біз бірге жақсы нәтижелерге жететінімізге сенімдімін", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.