XDS Astana Team шабандозы Макс Кантер Джиро д’Италия жарысының төртінші кезеңінде топтық спринтте 5-ші болып келген еді. Алайда мәреге келу сәтін қайта қарап шыққаннан кейін қазылар алқасы ережені бұзды деген себеппен Макстың нәтижесін 103-орынға бірақ төмендету туралы шешім қабылдады. Команда қазылардың өкілеттігін мойындағанымен, бұл шешіммен келіспейді.
"Біз бұл шешіммен келіспейміз. Біздің ойымызша, басқа шабандоздар сияқты Макс таза әрі ережеге сай спринт жасады. Жүлделі орынды алып тастау және қосымша сары қағаз беру – бұл тым қатаң жаза. Егер біз осындай әрекеттер үшін жаза қолдана бастасақ, онда мәреге дейінгі соңғы метрлермен ғана емес, 10 немесе 5 шақырым бұрынғы әрекеттерді де бағалау қажет болады. Бүгін бұл біздің командаға қатысты болды. Ертең кез келген басқа командаға қатысты болуы мүмкін. Біз бұл жағдайға көңіліміз толмайды, әрі қатты қынжыламыз", – деді XDS Astana Team командасының бас спорт директоры Александр Шефер.
Айта кетейік, 9 мамыр басталған көпкүндік жарыс 1 маусым күні Италия астанасы Римде мәресіне жетпек.