Елордалық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

335

Осылайша, спортшылар ел намысын абыроймен қорғады.

Елордалық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті Фото: Астана қаласы әкімдігі

Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.

Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы – Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлкен үлес қосты.

Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу