Елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

2086

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай астанасының атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

"Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар.  Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді", – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

"Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуға тиіс", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу