Елорданың хоккей командасы жабылмайды

2185

"Барыс" хоккей клубы өзінің ресми сайтында "Снежные Барсы" жастар құрамын өз жүйесіне қосуға дайын екенін хабарлады.

Елорданың хоккей командасы жабылмайды

20-сәуір күні қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде "Барыс" клубының бюджеті қысқарады деген ақпарат пайда болды. Клуб  бірқатар жобаларды, оның ішінде Құрлықтық Хоккей Лигасының жүйесіне кіретін "Снежные Барсы" жастар құрамасын да қаржыландырудан бас тартты деп хабарлаған еді.

Алайда дүйсенбі күні "Барыстың" ресми сайтында басшылық "Снежные Барсы" командасының тағдырына қатысты пайда болған ақпаратты теріске шығарып, Жастар Хоккей Лигасының келесі ойындарына қатысудан ешкімнің де бас тартпағанын айтты. Жыл сайын ұйымдастырылатын чемпионаттың өткен маусымында Нұр-Сұлтан қаласының жастар командасы бар-жоғы 36 ұпай жинаған. Сондай-ақ, Шығыс Конференциясының 17 командасының арасынан 15-орынға ие болып, плэй-оффқа жолдама ала алмады.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "Барыс" хоккей клубының "Снежные Барсы" жастар құрамасының Жастар Хоккей Лигасынан шығарылуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. "Снежные Барсы" командасы жаңа маусымға штаттық режимде дайындалып жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған клуб хабарламасында.

Сонымен қатар, қазіргі таңда "Барыстың" хоккейшілері арасында іріктеу жүргізіліп жатқаны жайлы баспасөз қызметі хабарлады. Клуб келесі ойыншылармен келісім-шарт уақытын ұзартты. Олардың қатарында Никита Михайлис, Аркадий Шестаков, Егор Шалапов, Антон Некряч және Кирилл Полоховтар бар. Бұл келісім-шарт бойынша аталған хоккейшілерге екі командада – Құрлықтық Хокей Лигасында "Барыс" үшін және Жоғарғы Хоккей Лигасында "Барыстың" фарм клубы "Номад" үшін екі жыл бойы ойнауға мүмкіндік береді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу