Елорданың триатлон федерациясы мен КАЗГЮУ қайырымдылық жүгірісін ұйымдастырады

1066

Мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген бұл шара Израиль дәрігерлері өмірі үшін күресіп жатқан оқу орнының студентіне арналады.  

Елорданың триатлон федерациясы мен КАЗГЮУ қайырымдылық жүгірісін ұйымдастырады Фото: Астана триатлон федерациясы

Бүгін М.Нәрікбаев атындағы (КАЗГЮУ) университетінде, Астана триатлон федерациясымен бірлесіп баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз барысында өкілдер 3,5,10 км қашықтықты құрайтын жыл сайынғы қайырымдылық жүгірісін жариялады. Федерацияда мұндай қайырымдылық жүгірісін жылына екі рет өткізуді ұсынды.

Биылғы жарыс лимфобластикалық лейкоз диагнозы қойылған университеттің 1 курс студенті Сабина Сайрановаға арналады. Сабина қазір Израильде өмірі үшін күресіп жатыр. Жарыс кезінде жиналған барлық қаражат қызды емдеуге бағытталады. Жарысқа кез келген адам қатыса алады, кіру құны 5000 теңге. Әр жас санатында 3 км, 5 км және 10 км қашықтықта жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мәреге жеткен барлық қатысушылар да естелік медаль алады.

Бұл жоба – Астана триатлон федерациясы университетімен бірлесе отырып, алғаш рет өткізіліп жатыр. Федерация ірі спорттық іс-шараларды дайындауда және өткізуде үлкен тәжірибесі бар ұйым ретінде әрекет етеді.

"Бізді акция қызықтырады, өйткені бұл жарыстың мақсаты бір реттік шарамен шектелмейді. Біз қазіргі таңда болып жаткан мәселеге назар аударғымыз келеді. Өкінішке орай, бүгінде жастар арасында онкологиялық аурулар жиілеп барады. Бұл қайырымдылық жүгіріс университет студентінің емделуіне қаражат жинауға бағытталған. Барлық қатысушылар оның не үшін екенін түсінуі керек болғандықтан, спорттық шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, осы игі іске үлес қосуды көздеп отырмыз", - деді Астана триатлон федерациясының президенті, Евгений Больгерт.

Сондай-ақ ол көптеген табысты тұлғаларды тәрбиелеп шығарған оқу орнының Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратынын – ол жастарды тәрбиелеп, өзара көмек, бір-біріне қолдау көрсету сияқты қажетті қасиеттерді дамытуға көмектесетінін атап өтті. Бұл қазақстандықтарды басқа халықтардан ерекшелейтін қасиет.

Оның айтуынша, қалалық тритлон федерациясы бұқаралық спортты, оның ішінде әуесқойлық спортты дамытуға көп көңіл бөледі және бұл бағытта университетпен ынтымақтастықта қажетті нәтиже береді.

"Мен 20 мамырда спорттық іс-шара өтетініне өте қуаныштымын, біз оның өз деңгейінде өтуі және жыл сайынғы дәстүрге айналуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Біз тағы да көптеген пайдалы нәрселерді жасай аламыз. Сабинаға көмектескендей, басқа студенттерге де көмектесе аламыз. Қамқор жандар мен бизнес қауымы бізді қолдайды деп сенемін. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамын және университетке осындай бастама үшін алғыс айтамын", - деді Астана триатлон федерациясының басшысы.

Студент қыз оқитын оқу орныны да шарадан шеттеп қалмай, Сабина мен оның ата-анасына қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта студенттер, университет қызметкерлері және қамқор жандар бар, бас-аяғы 1 мың адам өтініш білдірген.

Мұндай көмек университет тарапынан бірінші рет көрсетіліп отырған жоқ, бұған дейін қолдауды қажет ететін басқа студенттерге де ешқандай жарнамасыз көрсетіліп келген. Университет қызметкерлері бірақ триатлон федерациясымен өзара әрекеттестіктің арқасында университет келесі деңгейге көтеріліп жатқанын айтады.  

"Біздің студенттер үшін университет – екінші үй, біз олардың ешқайсысының Сабинадағыдай проблемалармен жалғыз қалуына жол бермейміз. Біз, әсіресе, триатлон федерациясы осы акцияға косылғанда, бұл акцияны қайырымдылық марафоны түрінде өткізуді жөн көрдік . Бұл марафонның игі мақсатқа, яғни Сабинаға көмектесуге арналғаны біздің студенттерді, жазылушыларды және қызметкерлерді шабыттандырады", - деді университеттің студенттермен жұмыс жөніндегі проректоры, Мақсат Мұсабеков.

Қайырымдылық акциясы осы жылдың 20 мамырында өтеді. Көбінесе мұндай қайырымдылық мақсаттағы спорттық шараларды ірі компаниялар қолдайды. Атап айтқанда, Астана триатлон федерациясына PTC Holding қолдау көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу