Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі өзгеріссіз қалды

Аппеляциялық сот шешімі қайта қарауға жатпайды.  

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі өзгеріссіз қалды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұрат Солтыбаев күдікті, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін оның адвокаты Дмитрий Куряченко үй қамақты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ауыстыру туралы ресми хат жазған болатын. 

"Сот Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі күдікті Біртановты қылмыстық іс материалдарымен танысу мерзімінде 2 айға үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қаулы  қайта қарауға жатпайды", – деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұрат Солтыбаев. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Біртанов пен (экс-вице-министр) Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттық платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деп күдікке ілікен.  Аяқталмаған жұмыстардың құны - 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге.  Елжан Біртанов сонымен қатар 2020 жылдың маусымында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсаттарда пайдаланып, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталуда.  7 шілдеде сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны жарияланды және қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 қарашаға дейін деп бекітілген. 

Құралай Құдайберген


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу