Емхана қызметкерінен хантавирус анықталды

Нидерландыда карантиндегі науқаспен байланыста болған маман хантавирусқа оң нәтиже берді.  

Емхана қызметкерінен хантавирус анықталды Фото: Егемен Қазақстан

Ол – Неймегендегі Радбауд университетінің медициналық орталығының қызметкері, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы талдаулар теріс нәтиже көрсетіп, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Соған қарамастан, медициналық мекеме бақылауды күшейтуге шешім қабылдап отыр, қызметкер биоматериалдың бірнеше түрін қолдана отырып, аптасына 2 рет тексеріледі. 

Бұған дейін ауру жұқтырған науқаспен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік хаттамаларының бұзылуына байланысты аурухананың 12 қызметкері 6 апталық карантинге жіберілгені хабарланған еді. 

Жергілікті БАҚ науқастың қан үлгілерін өңдеу кезінде қатаң қауіпсіздік ережелері толық сақталмағанын жазады. Сонымен қатар, биоматериалдарды жою барысында халықаралық талаптардан ауытқулар анықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу