Ең көп салық төлейтін ТОП-5 банк белгілі болды

Мұны Ranking.kz порталы зерттеу жүргізу арқылы анықтаған. 

Ең көп салық төлейтін ТОП-5 банк белгілі болды Фото: canva.com

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің дені 300 негізгі салық төлеушінің тізіміне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аудиторлық есептер мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратын бақылай отырып жасаған зерттеуде қызықты статистикалық деректер келтірілген. Мысалы, өткен жылы ең ірі салық төлеуші Kaspi.kz болғаны айтылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, топтың салық аударымдарының сомасы 230 миллиард теңгеден асқан. Kaspi.kz Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын 11 еншілес ұйымды қамтиды. (Шетелдік еншілес ұйымдары есепке алынбаған).

Екінші орынды Halyk – Halyk Bank тобы мен еншілес ұйымдары иеленіп отыр. Өткен жылы бұл банктің салық сомасы 222 миллиард теңгеден асқан. Ақпаратта банктің Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынған.

Үздік үштікке ЦентрКредит Банкі және оның төрт еншілес ұйымы енген. Ондағы салық сомасы – 64,6 миллиард теңге. 

Бестікке Отбасы банкі (дербес ұйым, еншілес ұйымдарсыз – 38,4 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (37,8 млрд теңге) жайғасқан.

Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер активінің елдің жалпы ішкі өніміне қатынасы бір жыл ішінде 43,1%-дан 46,5%-ға дейін көтерілгені жайлы мәлімет бар. Сарапшылар мұның елеулі көрсеткіш екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу