"Ең төменгі жалақы – 110 мың теңге": Қажет қаражат алдағы 3 жылдық бюджетте көзделеді

406

Үкіметте Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы айтылды.

"Ең төменгі жалақы – 110 мың теңге": Қажет қаражат алдағы 3 жылдық бюджетте көзделеді Фото: atr.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында ең төменгі жалақыны 110 мың теңге деңгейінде белгілеуге қатысты тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, халық табысының артуы экономиканың тұрақты сапалы өсуі және инфляцияның төмендеуі есебінен қамтамасыз етіледі.

"2027 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық еңбекақының ең төменгі мөлшері 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Қажетті қаражатты бекіту және бөлу келесі үш жылдық кезеңге арналған бюджетте көзделетін болады. Инфляцияны одан әрі төмендету мақсатында тарифтік саясатпен кешенді түрде инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша іске асырылып жатқан шаралар аясындағы жұмыс күшейтіледі", – деді Азамат Әмрин.

Айта кету керек, бұған дейін  елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтерілетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу