Енді балаларға да вакцинация паспорты беріледі

Жасөспірімдерді вакцинациялау алгоритміне сәйкес, ата-аналар перзенттерін вакцинациялау кезінде емханада да, мектепте де жанында бола алады. 

Енді балаларға да вакцинация паспорты беріледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде енді екпе алған барлық жасөспірімдерге де вакцинация паспорты берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны. Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады", – деді Жандарбек Бекшин. 

Айта кететіні мегаполисте 12 қарашадан бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның дерегінше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға әзір. Олардың ата-аналары келісімдерін беріп қойған.

"12-17 жастағы 1 619 баланың ата-анасы вакцина салдыруға әзір. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі", – деді спикер. 

Дәрігерлер өз тараптарынан жасөспірімдерді вакцинациялау алгоритмін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, ата-аналар, егер қаласа, балаларын вакцинациялау кезінде емханада да, мектепте де бірге бола алады.

Бүгінде 12-17 жас аралығындағы қазақстандық жасөспірімдерге ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салуға рұқсат етілген "Комирнати" ("Pfizer" компаниясы) вакцинасы егілетін болады.

Еске сала кетсек, атаған препарат 10 қараша күні елімізге жеткізілді. 4 млн-нан аса доза препарат балалар мен жүкті әйелдерге салынады. Бір ғана Алматы қаласында 30 мыңнан астам ата-ана балаларына екпе салуға рұқсат берді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу