23-тур ойындары Петропавл қаласында басталды. "Қызылжар" командасы "Атырауды" қабылдады. Соңғы үш матчта жеңіліс тапқан "Атыраудың" салысы суға кеткен. Бір миллиард, 200 миллион теңге бюджеті бар клубтың жағдайы қазір мүлде нашар. Осы матчта да жеңіліс тапты. Енді жуырда премьер-лигадан шығап қалатын командалар қатарына енеді. "Қызылжар" легионері Юрий Бущман екі гол салып Әли Әлиевтің командасының жеңуіне барлық жағдайды жасап берді.
Қорытынды есеп 3:1 алаң иелерінің пайдасына. Айтпақшы, бұл матчта "Атыраудың" екі ойыншысы алаңнан қуылды.
Екінші ойын "Тобыл" мен "Ақтөбе" арасында өтті. Қостанайлық команда өз алаңында басымдық көрсетіп көп шабуылдады. Алайда, "Ақтөбе" қорғанысты мығым ұстады. Ойын соңына қарай төреші Сәкен Байымбет пенальти белгіледі. Серікжан Мұжықов оны голға айналдыра алмады. Бірақ бейнеқайталау кезінде тәртіп бұзылған екен. Соның салдарынан пенальти қайта белгіленді. Оны "Тобыл" ойыншысы голға айналдырды. Есеп 1:0 "Тобыл" жеңіске жетті.
Үшінші матчта "Қайрат" "Астананы" қабылдады. Кезінде бұл екі команданың ойыны ел-классикасы деп аталатын. Қазір олай емес. Себебі "Қайрат" клубының басынан қазір алмағайып заман өтіп жатыр. Легионерлердің барлығы кетіп қалған. Матч бастала салысымен Марин Томасов пеналти тепті. Алайда хорват легионері гол сала алмады. Артынша Тимур Досмағамбетов есеп ашты. Одан кейін қапталда ойнайтын қорғаушыны тоқтату мүмкін болмады. Ол арты-артынан 4 гол салды. Матч барысында покер жасап, көзге түсті. Осы жеңістің арқасында "Астана" қазір "Ақтөбеден" 1 ұпайға ғана қалып отыр. "Ақтөбе" бір матчта ұпайдан шашау шығарса болды, жетіп алмақшы.
Келесі тур ойындары 24 қазан күні өтеді. Онда "Ақтөбе" өз алаңында "Тұранды" қабылдайды. Ал "Астана" сол күні "Астана Аренада" "Атыраумен" кездеседі.
Ермұхамед Мәулен