Жергілікті сенат мұндай әрекеттерді мисогиния ретінде бағалап, оны нәсілшілдікке қарсы заң аясында қарастыруды мақұлдады.
Ұсынылған нормаға сәйкес, әйелдерге бағытталған жеккөрушілік, кемсіту және қудалау әрекеттері үшін 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл салу қарастырылған.
Алайда заң жобасы әлі толық күшіне енген жоқ. Ол Бразилия парламентінің төменгі палатасында қаралып, соңғы шешім қабылдануы тиіс.
Егер заң қабылданса, Бразилияда әйелдерге қатысты жеккөрушілік әрекеттерге қарсы құқықтық жауапкершілік күшейтіледі.