Kaspi.kz-те көпбалалы отбасылар жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш бере алады

619

Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Kaspi.kz-те көпбалалы отбасылар жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш бере алады Фото: kaspi.kz

Енді ең танымал мобильді қосымшада көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға және жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдерге өтінім беруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді құруға көмектесіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа сервисті іске қосу үшін Еңбек министрлігімен, Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, Цифрландыру министрлігімен және ҰАТ АҚ-мен бірлесіп жұмыс істедік. Енді көпбалалы ата-аналар, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдар өз смартфонының экранында мемлекеттік жәрдемақыға өтінімді ресімдей алады. Осы ыңғайлы сервисті құруға қатысқан әр адамға мың алғыс!"

Әлихан Әбілғазиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры:

"ЕДБ мобильді қосымшаларында қолжетімді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерінің ауқымы кеңеюде. Жалпы азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Мысалы, 2021 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы қызмет көрсете бастадық – бұл бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем болды. Содан бері ЕДБ-мен ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. Бүгінгі таңда министрліктің тоғыз қызметі ЕДБ қосымшаларында азаматтар үшін қолжетімді. 2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша министрлік қызметінің 43,6% -ы (6,7 млн) ЕДБ арқылы көрсетілген"

Айнұр Юсупова, Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары:

"Мемлекеттік қызметтерді алу үшін әртүрлі платформаларды таңдау мүмкіндігімен азаматтар үшін қолайлылықты арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай нүктесіне тәуелділікті жою, сондай-ақ халықтың арасында мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызды қызметтерге басты назар аударылады, бүгінгі таңда бұл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер. Басқа қызметтер де жоспарланған. Аталған шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Kaspi Гид бөлімінен Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларға және Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға қалай өтініш беру керектігі туралы толығырақ оқыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу