Енді Kaspi.kz-те ЖК реквизиттерін өзгертуге болады

4163

Енді жеке кәсіпкерлер Kaspi.kz суперқосымшасында жеке реквизиттерін: ЖК атауын, мекенжайы мен қызмет түрін, салық органын ауыстыру үшін онлайн хабарлама жібере алады.

Енді Kaspi.kz-те ЖК реквизиттерін өзгертуге болады

Бұрын мұны тек Мемлекеттік кірістер басқармасында немесе ЭЦҚ арқылы elicense.kz сайтында жасауға болатын.

Қазір бұл қызмет Kaspi.kz-тегі "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде қолжетімді. "ЖК реквизиттерін өзгертуді" таңдап, нұсқауларды орындау керек. Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қойғаннан кейін сізге реквизиттердің өзгергені туралы хабарлама келеді. Қызмет тегін көрсетіледі. Қосымша салық органына барудың қажеті жоқ. Деректер 24 сағат ішінде салық органының базасында автоматты түрде жаңарады.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деп түсіндірді:

"Біз Kaspi.kz суперқосымшасында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін дамытуды жалғастырудамыз. Цифрландыру министрлігімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесе отырып, біз жеке кәсіпкерлерге арналған "ЖК реквизиттерін өзгерту" цифрлық сервисті іске қостық, оның көмегімен кәсіпкерлер ЖК реквизиттерін үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, тура өз смартфонынан Kaspi.kz қосымшасында өзгерте алады. Біз мемлекетке түрлі қызметтерді барлық азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз".

Ростислав Коняшкин, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы:

"ЖК ашу кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Біз үшін танымал қызметтердің жеке тұлғалар үшін де, бизнес үшін де қолжетімді және оңай болуы маңызды. Енді жеке кәсіпкердің реквизиттерін өзгертудің тағы бір баламалы жолы бар, ол мемлекеттік қызметті алу кезінде уақытты үнемдейді және қағазбастылықты азайтады. "ҰАТ" АҚ-ның, ҚР ЦДИАӨМ-нің Kaspi.kz-пен тығыз ынтымақтастығы арқасында біз мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қазақстандықтар арасында танымал платформаларға енгіземіз".

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев:

"Кәсіпкерлер мекен-жайын, қызмет түрін (ОКЭД) немесе ЖК атын өзгерту үшін мемлекеттік кірістер органдарына жиі жүгінеді. Тіркеу деректерін өзгерту үшін кәсіпкер өзінің тіркеу деректерін өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама беруге міндетті. Салық органдары өзгертулерді бір жұмыс күні ішінде енгізеді. Енді мұны өзі барып немесе e-gov порталы арқылы хабарлама жіберу арқылы ғана емес, Kaspi.kz қосымшасында да жасауға болады.

Мұндай функцияны МКК "e-Salyq Business" мобильді қосымшасында енгізу мәселесі де пысықталуда. Бұл "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорымен ықпалдасудың бір бөлігі және қазіргі уақытта осы қызметке дұрыс қосылу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұндай цифрлық шешімдер ЖК деректеріне өзгертулер енгізуді айтарлықтай жеңілдетеді және біздің кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді деп үміттенеміз".

Қызметті Цифрлық даму министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жасаған. Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін Kaspi.kz суперқосымшасында цифрлық құжаттар қолжетімді болды. Мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz командасының серіктестігі қосымшаға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын бірқатар инновациялық қызметтерді біріктірді. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар көлігін қайта тіркеп, әлеуметтік шот ашып, жәрдемақы алып және тағы басқа көптеген қызметтерді тұтына алады. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу