Енді Қазақстан халқы Ассамблеясын Тоқаев басқарады

1888

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасы қызметін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Енді Қазақстан халқы Ассамблеясын Тоқаев басқарады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұл маңызды қадам екенін атап өтті.

"1995 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының басы-қасында жүрдім, оны басқардым. Біраз қиындықтарды еңсеріп, әлемдегі  дағдарысты да көрдік. ҚХА мүшелеріне маған қолдау білдіргені үшін алғысымды айтамын", - деді Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX cессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы қызметін Қасым-Жомарт Тоқаевқа беретінін мәлімдеді.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңына сәйкес, мен ҚХА-ны өмір бойы басқара аламын... Бірақ ҚХА-ны басқару бойынша бірқатар өкілеттілік Президентте. ҚХА Мемлекет басшысының жанында болуы керек... Барлық мәселе бір жерде қаралу керек. Сондықтан ҚХА-ны басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беремін", - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу