Бұдан былай жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бір ескерер жайт, 1 жылдың аралығында заңбұзушылық қайталанатын болса, аталған сома екі есеге дейін көбейеді. Жаңа норма камералар арасындағы орташа жылдамдық бойынша есепке алынады. Демек, бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау керек. Жаңа заңда қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейе түскен.
Осылайша, аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Егер бұл әрекет жол апатына ұшыратса, көлемді айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру жазасы да қарастырылып отыр.
Кеше салық берешегі белгілі бір соммадан асса ғана өсімпұл есептелетінін жазған едік.