Енді кеденшілер кеудесіне де бейнекамера бекітіледі

Бақыт Көмекбайұлы Бақыт Көмекбайұлы
4573

Қазақстанда полицейлер сияқты енді кеденшілер де жаппай портативтік видеорегистратор тағып жүретін болады.

Енді кеденшілер кеудесіне де бейнекамера бекітіледі Фото: informburo.kz

Кеденде тексеру мен рәсімдеу жүргізетін қызметкерлерінің әр қимылын бейнежазбаға түсіруге біраз уақыттан бері қарсыласып келген Қаржы министрлігі ақыры бұған илікті.

Айта кету керек, осы бастама бұдан бірнеше жыл бұрын көтерілген болатын. Тиісті тапсырма да берілген. Алайда 2017 жылғы 22 тамызда арнайы мониторингтік топ отырысында антикоррупциялық орган мәлімдеме жасап, кеденшілер үшін бейнетіркеуіштер енгізу ісін созбалаңға салып жіберді деп Қаржы министрлігін айыптады.   

Бұл ретте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны" орындау бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі агенттіктің ұсынымдарын іске асыру бойынша Қаржы министрлігінің қызметін тәуелсіз сарапшылар бағалаған. Нәтижесінде, ведомство "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспарының өзіне бекітілген іс-шараларын 2016 жылдан бері орындалмай отырғаны" анықталған.

Сонда Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов министрліктің мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қызметін "мөлдір" ететін құралдарды енгізуді тездету мәселесін көтерді. Бұл ретте кеден қызметінің жұмыскерлері іс жүзінде портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықталмағаны, бұл осы салада коррупция көріністерінің азаюына теріс ықпал ететіні хабарланды. 

Жалпы, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының тапсырысымен жүргізілген "Іскерлік климат" зерттеуінің қорытындысы бойынша ең сыбайлас жемқорлыққа бейім мекемелерге кеден органдары, экономикалық тергеулер қызметі және көліктік инспекция жатқызылған болатын.

Өз кезегінде Қаржы министрлігінің өкілдері кеден қызметкерлері тағып жүруі үшін портативтік видеорегистраторларды сатып алу жөніндегі бұйрыққа қол қойылғанын мәлімдеді.

Енді ведомство әр кеден бекетіне қанша құрал алатыны бойынша анықталып отыр.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығы жобасына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің әрекетін белгілеу үшін оларды портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілмек. Оның көлемі төмендегі кестеде берілген.

Қазақстандық кеденшілер әрекетін таспаға түсіру үшін

оларды портативтік бейнетіркеуштермен жабдықтаудың заттай нормалары

Мүлік атауы

Тиесілігі

Мақсаты

Пайда-лану уақыты

1

Портативтік бейне-тіркеуіштер

Өткізу пунктері және кеден бекеттері жұмыскерлерінің санына байланысты беріледі:

- 50 адамға дейінгісіне – 5 жиынтыққа дейін;

- 50-ден 100 адамға дейінгісіне – 10 жиынтыққа дейін;

- 100-ден 200 адамға дейінгісіне – 20 жиынтыққа дейін;

- 200-ден 300 адамға дейінгісіне – 50 жиынтыққа дейін;

- 300-ден 400 адамға дейінгісіне – 40 жиынтыққа дейін;

- 400 адамнан жоғары болса –

50 жиынтыққа дейін

Кедендік тексеріп-

қарауды жүргізуге тартылған мемкірістер органдары жұмыскер-лерінің

іс-қимылдарын тіркеу үшін

 

7 жыл

2

Дербес компьютер

Облыстар, астана және республикалық маңыздағы қалалардағы әрбір мемлекеттік кірістер департаментіне 1 дербес компьютер беріледі

Дербес компьютер бейнетіркеуіштен аудио және бейне файлдарын жүктеп алуға және оларды сақтауға арналған

 

7 жыл

Бақыт Көмекбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу