Енді МӘМС мәртебесіне қарамастан, базалық медициналық көмек қолжетімді болмақ

463

Тиісті өзгерістер талқыланып жатыр.      

Енді МӘМС мәртебесіне қарамастан, базалық медициналық көмек қолжетімді болмақ Фото: time.com

Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49" бұйрықтың жобасын әзірледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта көрсетілгендей, 2027 жылғы қаңтардан бастап қазақстандықтар емханаға алғашқы рет жүгінген кезде МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, базалық медициналық көмекті ала алады.

"Тиісті өзгерістер алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінің жобасында көзделген. Бұл пациент алғаш рет жүгінген кезде қолжетімді болатын базалық көрсетілетін қызметтер туралы болып отыр.

Атап айтқанда, жалпы қан және зәр талдауы, артериялық қысымды және денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштерін өлшеу, ЭКГ, пульсоксиметрия, флюорография, жекелеген функционалдық зерттеулер, сондай-ақ құрсақ қуысы ағзалары мен бүйректердің ультрадыбыстық зерттеуі көзделген. Осылайша, алғашқы жүгінген кезде тізбеге сәйкес көзделген базалық көмекті алу үшін сақтандырылған мәртебесінің болуы талап етілмейді", – делінген бұйрық жобасында.

Өзгерістер МСАК деңгейінде медициналық көмектің бірыңғай пакетіне көшуге байланысты. Жаңа тәсіл халық үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, оны алу тәртібін нақты айқындауға және медициналық көмек пакеттері арасында көрсетілетін қызметтердің қайталануын болдырмауға бағытталған, деп жазады ДСМ.

"Тағы бір жаңашылдық пациенттерді ақпараттандыруға қатысты. Жобада медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып, азаматтарға автоматтандырылған қоңырау шалу мүмкіндігі көзделген. Бұл пациенттерді жеделірек ақпараттандыруға және емханалардағы ұйымдастырушылық процестердің бір бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді", – деп жазылған ведомство әзірлеген құжатта.

Бұйрық жобасын жария талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу