Енді маркетплейстер мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндеттелуі мүмкін

559

Сатушылар тілге қатысты қолданыстағы заң талаптарын сақтауы тиіс. 

Енді маркетплейстер мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндеттелуі мүмкін Фото: Банки.ру

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сатушыларды ең әуелі қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеуді ұсынды. Бұл Конституцияға сәйкес қалай реттелетін болады?" деп сұрады.

"Депутат тұтынушы жүгінген кезде сапалы қызметті толық көлемде алуы керек екенін айтты. Оның айтып жатқаны орынды. Бізде тіл бойынша қандай да бір шектеулер мен кемсітулер жоқ. Мәселе барлық сервистің ана тілінде бірдей қолжетімді еместігінде жатыр. Салдарынан тұтынушы оны пайдалана алмайды. Неге ол зардап шегуі керек? Ол сенімді әрі толыққанды ақпаратты алуы тиіс. Осыған байланысты біз тілге қатысты Конституциялық ұстаным мен заң талаптарын орындау мәселесі сақталуы керек екенін белгіледік", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер бұл маркетплейстерге қатысты ма деп нақтылады.

"Маркетплейстерге де, басқа да қызмет түрлеріне қатысты", - деп қысқа қайырды Шаққалиев.

Айта кету керек, осыған дейін депутат Ринат Зайытов мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейтіндерге шүйліккенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу