Енді мектеп асханалары ескертусіз тексеріледі

600

Сенатта "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қаралды.  

Енді мектеп асханалары ескертусіз тексеріледі Фото: gov.kz

Қазақстанда мектеп асханалары енді алдын ала ескертусіз тексеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Мұрат Қадырбек "Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде ерекше бақылау және қадағалау субъектісін жоспардан тыс тексеруге негіз болатын дәлелді негіздерге және растайтын дәлелдемелерге нелер жатады?" деп сұрады.

"Кезектен тыс бақылау дегеніміз балаларды тамақтандырудың сапасын жақсарту үшін жасалған шара. Осы заң бойынша бақылаушы органдар тек қана мектептегі асхананы ғана емес, медициналық пункт пен спортзалды да тексере алады. Мұнымен қоса алдын ала ескертусіз келіп қарауға мүмкіндік алады. Бұрын біз ескерту жіберетінбіз. Ондай кезде субъект дайындалып, өзінің жағдайын дұрыстап үлгеретін. Сондықтан да өзгерістер енгізуге келісіп отырмыз", – деді Денсаулық вице-министрі Тимур Мұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу