Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан Барысы-2024" турнирінің чемпионы атанды

448

Қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің финалында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан Барысы-2024" турнирінің чемпионы атанды Фото: "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің баспасөз қызметі

Нәтижесінде, Ерасыл Қажыбаев қарсыласын соңғы сәтте таза ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Ал қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің 3-орын үшін белдесуінде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) шеберлік байқасты.

Абай облысының балуаны Саят Шамшиев басым түсіп, "Қазақстан барысы-2024" турнирінің 3-орын иегері атанды.

Аталған турнирдің жеңімпазына 15 млн теңге берілсе, 2-орын алған спортшы 3 млн 300 мың теңгеге иелік етеді. Ал 3-орынға қол жеткізген балуан 1 млн 80 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Сонымен қатар әр балуан әр белдесуде жеңіске жеткені үшін тағы 100 мың теңгеден алып отырады.

Жалпы "Қазақстан барысы-2024" республикалық турнирдің жүлде қоры – 27 млн 100 мың теңге.

Аталған турнирде жеңіске жеткен балуандардың бапкерлері де сыйақысыз қалмайды. 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу