Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

179

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына екінші жүлде түсті. 

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара биатлоннан алтын медаль иеленіп, жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді.

Отандасымыз 4,5 шақырымдық  із қуу сайысында (отырып) топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль жеңіп алған болатын.

Спортшымызды тарихи жеңісімен құттықтаймыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу