Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан жартылай финалда үздік нәтиже көрсетті. Ол 1500 метрлік классикалық спринтті 2 минут 38 секундта бағындырып, ақтық сынға жолдама алды.
Финалдық бәсеке бүгін Астана уақытымен сағат 17:29-да басталады.
Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нұрлан Алимов пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша сынға түсуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу