Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

1440

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары жарысында қола жүлде жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты. Бұл – Қазақстан құрамасының Паралимпиададағы алғашқы жүлдесі.

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: ҚР ҰОК

Парашаңғышы Ербол Хамитов додада жоғары шеберлігін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. Отандасымыз 2:29.9 уақыт нәтижесімен мәреге жетіп, тартысты бәсекеде қола жүлдені иеленді.

Бұл жарыста алтын жүлдені 2:28.9 нәтижесімен қытайлық Цзысюй Лю жеңіп алса, күміс жүлде 2:29.6 уақыт көрсеткен бразилиялық Кристиан Вестемайер еншісіне бұйырды.

Ербол Хамитовтың бұл жетістігі – тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл Қазақстан спортының жеңісі. Ол табандылық пен қайсарлықтың, рух мықтылығының айқын үлгісін көрсетті. Паралимпиада жолындағы әрбір секундтық күрес, әрбір метрлік қашықтық үлкен ерік-жігер мен қажырлы дайындықтың нәтижесі екені белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу