Ербол Мырзабосынов әйгілі боксшы Рой Джонспен кездесті

114

Әлемдік спорт тарихына есімін алтын әріппен жазған Рой Джонс Қазақстанға келді. 

Ербол Мырзабосынов әйгілі боксшы Рой Джонспен кездесті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы, Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, әйгілі боксшы кіші Рой Джонспен кездесті.

Кездесу барысында министр Рой Джонстың Қазақстанға сапарына алғыс айтып, оның әлемдік бокстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Кіші Рой Джонс бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып, 1990-жылдары "онжылдықтың боксшысы" ретінде танылды.

Тараптар кездесудің соңында боксты дамыту, жастар спортын қолдау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу