Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен "Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту" атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық спортты жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші елдердің бірі ретінде халықаралық қауымдастықта үлкен сенімге ие.
Басқосу аясында дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар, пікірталастар және стратегиялық кездесулер өтті.
"Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді. Бұл тәжірибенің халықаралық маңызы зор. Министр Ербол Мырзабосыновтың басшылық құрамға енуі – осы сенімнің дәлелі", – дейді Біләл Ердоған.