Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас банктің төрағалығына бұрынғы вице-премьер Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары бір ауыздан келісімін берді.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болған еді.
Ол 1970 жылы Алматы қаласында туған. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары ҚР қаржы министрі, денсаулық сақтау министрі, экономикалық даму және сауда министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ұлттық экономика министрі болып қызмет атқарды. 2016-2017 жылдары "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарды.