Ерболат Мұхамеджан ҚР білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

6023

БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқарады.

Ерболат Мұхамеджан ҚР білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Журналист Ерболат Мұхамеджан ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.

"Достар! Бүгіннен бастап журналист Ерболат Мұхамеджан БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші ретінде жұмыс атқаратын болады", – деп жазды министр Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында.

Ведомство басшысы жаңа кеңесшінің қоғаммен тікелей байланыста және ашықтық орнатуда өзінің барлық тәжірибесі мен білімін қолданатынына сенім білдірген.

Айта кетсек, бұған дейін Ерболат Мұхамеджан Atameken Business арнасында журналист, тележүргізуші болып қызмет атқарып келді. "Басты Тақырып" және "Биржа" бағдарламаларының жүргізушісі әрі авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу