Мұндай ақпаратты Deutsche Welle-дің түрік қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Ердоған күзетшілердің қоршауынан өтпек болған кезде тоқтатылған. Өйткені, ол жерден АҚШ президентіне тиесілі болуы мүмкін VIP кортеж өтіп бара жатқан. Сол-ақ екен, Түрік көшбасшысының командасы темір тосқауылдарды алып тастауға бекінген сәтте, олар мен полиция арасында шағын қақтығыс болғаны жайлы деректер бар. Десе де, Түркия президенті кортеждің өтіп кетуін амалсыздан күтті.
Осыған дейін Нью-Йорк полициясы Дональд Трамптың кортежіне байланысты көшелерді жауып, Франция президенті Эмманюэль Макронның көлігін тоқтатқан. Сонда француз көшбасшысы көлігінен түсіп, Трампқа телефон шалуға мәжбүр болған еді.