Бұған "Осман Гази" атты жаңа жүзбелі платформа мүмкіндік береді. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Анадолы басылымына сілтеме жасап.
Президент Зонгулдак провинциясындағы Фильос портында өткен платформаны теңізге шығарып салу рәсіміне бейнеүндеу жолдады. Ердоғанның айтуынша, жаңа нысан Түркияның газ өндіру мүмкіндігін едәуір арттырады.
Ұзындығы 298,5 метр, ені 56 метр болатын платформада 140 маман жұмыс істейді. Ол Қара теңіздегі Сакария кен орнынан алынған газды өңдеп, суасты құбырлары арқылы Фильос портына жеткізеді. Платформада газды өңдеуге арналған 21 технологиялық қондырғы бар.
Ердоғанның сөзінше, "Осман Гази" іске қосылғаннан кейін Қара теңіздегі газ өндіру көлемі екі есе өсіп, тәулігіне 20 миллион текше метрге жетеді.
Түркия президенті 2027 жылдың басынан бастап елдегі әрбір үш үйдің бірі Түркияда өндірілген табиғи газды пайдаланатынын айтты.
Ердоған жобаны жүзеге асыруға атсалысқан мамандарға алғыс білдіріп, жаңа платформада жұмыс істейтін қызметкерлерге сәттілік тіледі.