Ердоған Түркиядағы әр отбасында кемінде қанша бала болуы тиіс екенін айтты

426

Түркия басшысы 2025 жыл Отбасы жылы деп жарияланғанын еске салды.

Ердоған Түркиядағы әр отбасында кемінде қанша бала болуы тиіс екенін айтты Фото: ria.ru

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдегі демография мәселесін көтерді. Оның айтуынша, әр отбасында кемінде 3 баладан болуы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Түркияның статистика бюросы (TÜİK) 2025 жылдың мамыр айында жариялаған мәліметке сәйкес, 2024 жылы елдегі туу көрсеткіші бір әйелге шаққанда 1,48 балаға дейін азайып, рекордтық деңгейге дейін төмендеген. Ғалымдардың айтуынша, өлім-жітім деңгейі төмен дамыған елдерде халықтың табиғи өсімін қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткіш кемінде 2,1 болуы тиіс.

"Менің төрт балам, тоғыз немерем бар. Өздеріңізге белгілі, мен әрдайым отбасында кемінде үш бала болу керек деп айтамын. Бұл – берік жанұя болудың басты шарты. Біз халық санын көбейтуіміз қажет", – деді Ердоған Ыстанбұлда өткен көрменің ашылуында.

Елде туу көрсеткіші соңғы 60 жылдан астам уақыт бойы төмендеп отыр. Бұл үрдіс басқа да дамыған елдерге тән. TÜİK дерегінше, 2001 жылы түрік әйелдері тұңғыш баласын шамамен 27 жасында дүниеге әкелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 29 жастан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу