Ширек финалдың соңғы жұбында Нидерланды пен Түркия құрамалары кездесті.
Бүгінгі кездесу барысында түркиялық Самет Акайдын 35-минутта әріптесі Арда Гюлердің берген пасын голға айналдыра білді.
Ал 71-минутта нидерландтық Стефан де Врей таразы басын теңестірсе, түркиялық Мерт Мюльдюр 76-минутта автогол авторы атанды.
Осылайша, Нидерланды қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
D тобында сынға түскен Нидерланды сенімді ойын көрсете алған жоқ. Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Небәрі үш ұпай жинаған құрама 1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.
1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.