ERG: 5,8 млрд доллар несиені қайта қаржыландырады

11889

Талаптарды жеңілдету компанияларға, оның ішінде Қазақстандағы компанияларға инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.  

 ERG: 5,8 млрд доллар несиені қайта қаржыландырады

Eurasian Resources Group (ERG) пен оның екі негізгі қарыз берушісі - ВТБ және "Сбербанк" арасында қарызды қайта қаржыландыру бойынша мәміле рәсімделді, - деп хабарлайды ERG баспасөз-қызметі.

"ВТБ және "Сбербанк"-пен жасалған жаңа келісімге сәйкес, ERG-нің өз міндеттерін төлеу кестесі ұзартылатын болады. 5,8 млрд долларды құрайтын қарыздың үлкен бөлігін төлеу мерзімі 2020 жылға дейін белгілі талаптарды сақтаумен бірге тағы да қосымша екі жылға созылу мүмкіндігімен ұзартылды. Осы екі банкке Топтың қарыздары бойынша төлем 2016-2017 жылдарда 200 млн долларға дейін азайған", - деп көрсетілді баспасөз-хабарламасында.

ERG қарызын ВТБ және "Сбербанк"-тың қайта қаржыландыру Бразилия, Африка және Қазақстандағы келешегі бар ерекше инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасайды деп атап көрсетілуде. "Қазіргі уақытта бізден нарықтың өзгерген жағдайына икемделу мен бейімделу талап етілуде. Топтың өзгеруіне байланысты туған барлық қиындыққа қарамастан, ERG дамуын жалғастыруда. Біз өз қызметіміздің көлемін әлемнің әрбір елінде кеңейтіп жатырмыз және бір мезгілде жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардағы өндірістік қуаттардың жоғары жүктемесін қамтамасыз етеміз",- деді ERG директорлар кеңесі төрағасының баспасөз-қызметі.

Бұдан бұрын ол топ активтерді сатуды жоспарламайтынын, керісінше, сатып алуды ойлайтынын айтқан болатын. "Біз? Біздің өз активтерімізді сату туралы ойымыз жоқ... Сатып алуды жоспарлап отырмыз (күледі). Келіссөздер жүргізіп жатырмыз, шешім қабылданғанда ол туралы хабарлайтын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, "Барлығы сата бастаған кезде сатып алыңыздар және барлығы сатып ала бастағанда сатыңыздар" деп Уоррен Баффет айтқан ғой. Қазір активті  барлығы сатып жатыр, сондықтан сататын кез емес", - деді Машкевич Астана экономикалық форумында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта топ Қытаймен бірге жалпы көлемі екі млрд тұратын жобаны іске асыруда.

"Мен бұл жерден үлкен келешекті көріп отырмын. Себебі, Қытай  commodities қолдану бойынша әлемдегі ең жетекші мемлекет болып саналады, біз Қытайдың қолдануына қажетті көп өнім шығарамыз.  Бұл, біріншіден, ферроқорытпа, біз әр түрлі кәсіпорынға феррохромды көптеп жеткіземіз, соның ішінде "Тиско" да бар. Сондай-ақ, көлемді де арттырудамыз. Қазіргі таңда Қытай біз өндіріп жатқан ферроқорытпамызды ең көп тұтынушы", - деп атап кетті ол.

Сонымен қатар, Машкевич осы жылы Қытайға жеткізілетін темір рудасының азайғандығын айтып кетті. "Біз темір рудасын жеткізумен айналысамыз. Өкінішке орай, биыл оны аз бердік, себебі бағасы төмендеді. Дегенмен, өзара ынтымақтастығымызда тек руда сатумен шектелмейміз. Бүгінгі күні Қазақстанда  қытай технологиясы бойынша екінші электролизді зауытты салу туралы келісссөздер жүргізудеміз. Бұған дейін бір зауытты NFC компаниясы салған. Бұл зауыттың құрылысы көңілімізден шықты, бұл жерде заманауи технология қойылған", - дейді миллиардер.

"140 мың тонна шығаратын екінші зауыт салмақпыз. Қостанай облысында темірді ыстық брикеттейтін алып кешен салуды қарастырудамыз. Сондай-ақ, Ақсу ЭС-да әрқайсысы 325 мегаватт болатын 2 блокты қайта құруды да қарастып жатырмыз. Яғни, біздің қытайлық әріптестермен бірге атқаратын жобамыз 2 млрд долларға бағалануда. Сол себепті келешегі жақсы деп айтуға болады", - деді Машкевич.

Оған қоса, ол табыссыз металлургиялық кәсіпорындарды Қытай мемлекетінің қолдап отырғаны нарыққа кері әсер тигізетінін атап кетті. "Тұтынушы мен өндіруші арасындағы үйлесімділікті Адам Смит өзінің белгілі "Елдер байлығы" кітабында баяғыда-ақ көрсеткен. Нарықтық қарым-қатынас бар жерде әрдайым үйлесім болады. Мысалға, барлық әлем үшін маңызды болып отырған Қытайды алайық. Қытай бүгінгі күні шығынды алюминий шығарады. Алюминий нарығы құрдымға кетуде",- деді Машкечив IX Астана экономикалық форумында.

Оның айтуынша, ERG өнімін Америка, Жапония және Ресейге өткізеді, ал бірақ қытай нарығы маңыздырақ. Оған қоса, А. Машкевич металлургиялық өнімге деген сұранысы мол Үндістанмен де тиісті келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Әрине, біз сөйлесіп жатырмыз, алайда қандай да бір ақыр заман туатындай немесе келешегі соншалықты нашар ештеңені көргеніміз жоқ. Нысандар салынуда, болат, мыс қажет, сондықтан да әлемге commodities қажет емес деп ойламаймыз. Мен осы салада 25 жыл жұмыс істеп жүрмін, осы уақыт ішінде үш ірі дағдарысты бастан кештім, сол кездері де бәрі бітті дейтін. Алайда, кейіннен бәрі бірте- бірте қалыпқа келеді. Өзіндік құны төмен, шығындары аз жобалар қалыпқа келеді де, қымбат жобаларды ұстайтындар құрдымға кетіп  жататыны белгілі", - дейді ол.

Eurasian Resources Group тау-кен қазу, өңдеу, энергетикалық, тасымалдау мен маркетингтік операциялары толық біріктірген, өндіру және табиғат ресурстарын байыту саласында әлемдегі жетекші, ең әртараптанған компанияның бірі болып табылады. ERG кәсіпорындар мен бизнестің даму жобаларымен төрт құрлықтың 14 елінде белгілі және осы салада ірі жұмыс берушілердің бірі болып  табылады.  Басқарушы компанияның бас офисі Люксембург қаласында орналасқан.

Бүгінгі таңда ERG феррохром өндіруде бүкіл әлемнің алдында келеді  және  темір рудасын сатушы  ірі компаниялардың бірі. Сондай-ақ, алюминий шикізатын өндіруде әлемдегі ондыққа кіреді, ал ең басты мыс пен кобальт өндірушілердің қатарына кіреді.

Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бір үлесін ERG алады. Қазақстанда ERG-ның және елдің "Қазхром" трансұлттық компаниясы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, "Қазақстан алюминийі", Қазақстан электролиз зауыты, Еуро азиялық энергетикалық корпорация, "Шұбаркөлкөмір" және "Транском" Транспорттық тобы сынды маңызды кәсіпорындары орналасқан. ERG-ның Қазақстандағы кәсіпорындарында 61 мыңнан артық адам жұмыс істейді.

ERG Конгоның BossMining, Frontier және  Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт рудасын өңдеп, өндіреді. Сондай-ақ, бұл елде басқа да бірқатар аяқталуға жақын даму жобасы орналасқан. Оның ішінде Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) жобасы бар.

ERG-ның мыс балқыту зауыты - ChambishiMetals PLC - Замбиядағы жетекші және әлемдегі мыс өндіруші ірі кәсіпорны болып табылады. Сонымен қатар, компанияның Оңтүстік Африка республикасы, Зимбабве, Мали және Мозамбикті қоса алғанда Африка құрлығының түрлі елінде көмір, марганец, платина, боксит және флюорит шығару бойынша жобалары бар.

ERG Бразилияда қуаты жылына 20 млн тонна темір рудасын өндіретін  PedradeFerro кешені жобасын дамытуды жалғастыруда.

Саян Абаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу