ERG импорт алмастыруда көш бастап тұр

4031

Еуразиялық Топ сатып алулардың тең жартысын жергілікті үлеспен қамтып отыр. 

ERG импорт алмастыруда көш бастап тұр

Eurasian Resources Group кәсіпорындарының импорт алмастыру әлеуеті 42,8 млрд теңгеге тең. Бұл Топтың 2018 жылғы жалпы сатып алуларының 6,4%-ы. 2020 жылға қарай ERG-дің сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 47%-дан 70%-ға ұлғаюы тиіс. Бұл туралы "ERG-дің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі" атты зерттеуде жазылды.

"Кәсіби жұмыс күшінің бар болуы, отандық компаниялардың техникалық және коммерциялық әлеуеті, ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің импорттық баламалармен салыстырғандағы құны мен сапасы сынды факторлар жергілікті жеткізушілер мен мердігерлерді тарту мүмкіндігін айқындайды. Өкінішке қарай, отандық компаниялардың барлығы бірдей жоғарыдағы талапқа сай емес. Салдарынан Еуразиялық Топ тауарлар мен қызметтің кейбір түрін шетелдік өндірушілерден алуға мәжбүр. Дегенмен холдинг мүмкіндігінше жергілікті компанияларды таңдауға тырысады және жергілікті бизнестің дамуына қолдау көрсетеді", – деп көрсетілді құжатта.

Сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру үшін ERG импортты алмастыратын тауарларды анықтады.

"Импортты алмастырудың болжамды өлшемі 42,8 млрд теңгеге тең, бұл   Топтың 2018 жылғы жалпы сатып алуларының 6,4%-ы. ЖІӨ-ге қосылатын толық үлес шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Тұрақты тікелей салым салынған жағдайда тікелей емес және жанама үлес көрсеткіші 2,8%-ға және 0,6%-ға артады", – дейді сарапшылар.

Жергілікті сатып алу үлесін ұлғайту ел экономикасындағы 1 000-ға жуық  қосымша жұмыс орнын қолдауға мүмкіндік береді, ал халықтың еңбек табысының абсолютті көлемі 2,5 млрд теңгеге көбейіп, 299,4 млрд теңгені құрауы мүмкін.

Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлеміне әсер етіп, оның 0,6%-ға ұлғаюын және 267,3 млрд теңгеге жетуін қамтамасыз етеді.

2013-2018 жылдары 5 500 қазақстандық компания Еуразиялық Топтың жеткізушісі атанды. Олар 1,5 трлн теңгеден астам қаражатқа тауар мен қызмет ұсынды. Осы аралықта ERG-да отандық тауар мен қызмет тұтыну көлемі екі есе артты. Жергілікті серіктестердің үлесі 24%-дан 47%-ға өсті.

Қанат Махамбет

Мақала әріптестермен бірлесіп әзірленді 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу