ERG Ресейдегі өңірлік форумда инновацияларын таныстырды

16975

Антон Рощин ERG құбылмалы нарық талабына бейімделе алатын бизнес жүйе құруға басымдық беретінін айтты.  

ERG Ресейдегі өңірлік форумда инновацияларын таныстырды

ERG компаниясы өндірістік процестерді басқарудың тиімді тәсілдері мен жаңа идеяларды қолдайды.

Топ құрамында инновация және цифрлы технологиямен айналысатын екі басқарма бар. Оның бірі ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік  орталығы (ҒЗИО) және BТS құрылымдық бөлімшесі.

ҒЗИО осыдан 7 жыл бұрын ERG инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін құрылды. Бүгінгі таңда өндіріске интеграцияланған 5 өңірлік зертханада кәсіби мамандар жұмыс істеп жатыр. 

"Егер, идея бизнестің қызығушылығын туғызып отырғанын көрсек, біз оны жан-жақты дамытуға көшеміз. Қажет болған жағдайда зерттеу жүргізіп,  жобаны өндіріске енгізуге дейін жеткіземіз. Ары қарай кәсіпорындарға жобалық басқарудың барлық талаптарына жауап беретін дайын бизнес-жоба ұсынамыз. Кейін топ жетекшілері табыс пен стратегия тұрғысынан талдап, ұсынылған пулдан алғашқылардың бірі болып жүзеге асырылатын жобаны таңдайды", – деді Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Омбы қаласында өткен панельдік сессияда ERG ҒЗИО департамент директоры Антон Рощин.

Оның сөзінше, жоба орта мерзімді болса, оны жүзеге асыруға шамамен 6 айдан 2 жылға дейін немесе бұдан да көп уақыт қажет болуы мүмкін.

Айта кетейік, компанияда жаңа зауыт құрылысы мен іргелі бизнесті талап ететін ірі жобалармен Capital Projects бөлімшесі айналысады.

"Біз сынақ жүргізуге, кеңесшілермен, зерттеу институттарымен және  технологиялық үдерістерді жетілдіру идеясы бар адамдармен жұмыс істеуге әзірміз. Біздің басты мақсатымыз – құбылмалы нарық талабына бейімделе алатын бизнес жүйе құру", – деді спикер inbusinness.kz порталының тілшісіне.

Ол ERP-ді жүзеге сәтті асырылған жобалардың бірі ретінде таныстырды.

"Бұл аса күрделі жоба болды. Оны іске қосар кезде қолмен жұмыс істейтін технология көп болды. Мәлімет жинау жүйесі бір-бірімен байланыспады. Топ компанияларының қызметін қадағалау қиындап кетті", – деп еске алды Антон Рощин.

ERP қызметтің ашықтығын бірнеше есеге ұлғайтты. Көптеген рәсімдерді қысқартып, компанияларда маңызды шешім қабылдау үдерісін жеделдетті. Осылайша бәсекеге қабілеттілікті арттырды. Жоба "Цифрлық трансформацияның көшбасшысы" аталымы бойынша SAP Value Award 2018 байқауының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жалпы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс ретінде (ҒЗТКЖ) 40 жоба қарастырылып жатыр. Ал BТS құрылымдық бөлімшесінде

20 жоба бар. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің карьерлік техникасын ресейлік әріптестермен бірлесіп сұйытылған газға көшіру, қалдықтарды өңдеу және басқа да бастамалар жүзеге сәтті асырылған жоба болып саналады.

Компания кез келген инновацияның, тіпті жан-жақты ойластырылған жобаның тәуекелі болуы және ол нақты нәтижеге жеткізбеуі мүмкін екенін біледі. Дегенмен ERG әлеуеті зор кейстерді табуға, тануға және сол арқылы өндірісті автоматтандыруға басымдық береді.

"Біздің бағалауымызша, әрбір үшінші жоба оң нәтиже берсе, іс алға басады", –  деді Антон Рощин.

ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығы бұлтты технология, ауқымы үлкен жады қолдану, пилотсыз басқару, "ақылды карьер" сияқты жобалармен жұмыс істеуді жалғастыра береді.

ERG – табиғи ресурстарды өндіретін және өңдейтін халықарлық жетекші компания. Ол "Қазхром" трансұлттық компаниясы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі,  "Қазақстан алюминийі" АҚ, Қазақстан электролиз зауыты, Еуроазиаттық энергетикалық корпорация, Шұбаркөл Көмір, "ТрансКом" ЖШС, "3-Энергоорталық" АҚ және ERG Service сынды ірі кәсіпорындарды басқарады.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу