Қақпашы Ненад Эрич келісім-шарттың аяқталуына байланысты "Астана" сапынан кетті.
"Клуб басшылығының шешімімен 1 ойын нөмірі "Астана" командасының айналымынан шығарылып, келісім-шарты аяқталғаннан кейін, осы маусым алдында елордалық командадан кеткен, жылдар бойы клубтың көшбасшысы мен капитаны болған Ненад Эричтке бекітілді.
Ненад 2011 жылы "Астанамен" алғашқы келісім-шартқа қол қойып, елордалық клубтың қақпашысы атанды. Қазіргі уақытта Эрич клубтағы 10 маусымда 318 ойын өткізіп, кездесулер саны бойынша абсолютті рекордсмен атанды. Оның көпшілігінде ол команданы капитан байлауымен алып шықты.
Бұдан басқа, Ненад клубтың құрғақ матчтар саны бойынша рекорд орнатты. Сондай-ақ оның активінде екі нәтижелі пас, АПОЭЛ-мен және "Қайратпен" пенальтидің жеңіс сериясы, кеудесінде "Астана" логотипі бар көптеген ең жарқын сейвтер бар.
"Астана" футбол клубы Эричтің еңбегін жоғары бағалайды. Өйткені оның белсенді қатысуымен команда 6 чемпиондық атақты, төрт суперкубокты және екі Қазақстан Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы тобына кірді, Еуропа Лигасының 1/16 финалында ойнады.
Біз Ненадпен қоштаспаймыз, өйткені ол әрқашан "Астана Аренада" ең сыйлы қонағымыз болады. "Кездескенше" дей отырып, капитанға барлық бастамаларында үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!", - деп жазды хабарламада "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана" жаңа маусымды 2-наурызда суперкубок ойындарында "Шахтермен" өтетін жартылай финалдық матчпен бастайды. Қазақстан чемпионатының бірінші турында 13-наурызда "Астана" "Арысқа" қарсы ойнайды. Ал жаңа маусымда Эричті Дмитрий Непогодов (22), Данил Подымский (31), Александр Заруцкийлер (55) алмастырып, елордалық клубтың қақпасын қорғайтын болады.
Ермұхамед Мәулен