WBO және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Эрисланди Лараға қарсы 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты) өтетін бокс кешінде жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жәнібек Әлімханұлымен болатын жекпе-жек бүкіл әлемге менің жасымда да үздіктермен айқасып, барлық болжамдарға қарсы тұра алатынымды көрсетеді. Бұл екеуміз үшін де қауіпті кездесу, өйткені біз екеуміз де чемпионбыз. Бұл керемет айқас болмақ", – деді Эрисланди Лара.
Отандасымыз соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.
Айта кетсек, қазақстандық боксшы IBF чемпионы атағын 2 жыл бұрын, ал WBO белбеуін оған дейін 1 жыл бұрын иеленген еді.
42 жастағы Лара өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион, америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) техникалық нокаутпен жеңген.