Ерлан Қарин: 15 наурыз – ел болашағын айқындайтын тарихи күн

117

Біз жаңа дәуірге, жаңа кезеңге аяқ басамыз.

Ерлан Қарин: 15 наурыз – ел болашағын айқындайтын тарихи күн Фото: Жалпыұлттық коалиция

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының жиынында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алдағы жексенбі – ел тарихындағы тағдыр шешті сәт. Егер республикалық референдумда азаматтарымыз қолдаса, біз жаңа дәуірге, жаңа кезеңге аяқ басамыз. Яғни, адамдар тұрғын үйден заңсыз шығарылмайды. Адами капитал – стратегиялық бағыт деп мойындалады. Цифрлық кеңістікте адамдардың жеке деректері қорғалады. Егемендіктің иесі халық болып танылады. Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады. Дін мен мемлекеттің ара жігі айқындалады. Жекеменшікке конституциялық деңгейде кепілдік беріледі. Еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтары Конституцияда бекітіледі. Бірқатар лауазымды тұлғалар тек бір реттік мерзімге тағайындалады. Яғни, Жаңа Конституция осындай жақсы істерге, жақсылықтарға жол ашады", – деді ол.

Сондай-ақ ол 15 наурыз тек референдум күні ғана емес, ел дамуының жаңа бағыты айқындалатын Жаңару күні екенін атап өтті.

"Сондықтан, Жаңа Конституция – үлкен жаңашылдықтардың, берекелі істердің бастауы болсын!" – деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу