Ерлан Қарин этносаралық келісім мәселелері бойынша республикалық жиын өткізді

277

Оған Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және Алматы облысының әкімі қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ерлан Қарин этносаралық келісім мәселелері бойынша республикалық жиын өткізді Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен этносаралық келісімді нығайтуға арналған кеңес өтті. 

Жиында этносаралық қатынастарды дамыту, мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, сондай-ақ жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралар талқыланды. Ерлан Қарин идеологиялық жұмысты үнемі жаңғыртып отыру, жауапкершілік пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеу – қоғамдық келісімді нығайтудың басты шарттарының бірі екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында күш-жігерді біріктіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өткен болатын. Іс-шараға қос елдің жетекші медиақұрылымдары қатысты. Медиафорум аясында Ерлан Қарин мен Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков құттықтау сөз сөйлеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу