Ерлан Қарин мен Эдуардс Стипрайс конституциялық реформаны талқылады

197

Вице-Президент Ерлан Қарин Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин мен Эдуардс Стипрайс конституциялық реформаны талқылады Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған конституциялық реформаның қорытындыларына айрықша назар аударылды.

Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қабылдануы елді жүйелі жаңғыртудың жалғасы әрі саяси жүйені жаңартудың негізі екенін атап өтті.

Вице-Президент конституциялық құндылықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағдарының негізін құрайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу